$ 494.87  520.65  4.91

Әйелді 4 жасар баласының көзінше пышақтап тастады (ВИДЕО)

Жантүршігерлік қылмысқа куәгер болған бала ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел өзін өлтірген 25 жастағы жігітпен бұрын бірге тұрған.
Фото: Sputnik.ru
Фото: Sputnik.ru

Ресей астанасының маңындағы Раменскте әйелді 4 жасар баласының көзінше өлтіріп кетті, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Жантүршігерлік қылмысқа куәгер болған бала ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел өзін өлтірген 25 жастағы жігітпен бұрын бірге тұрған.

Куәгерлер әйелдің балалар алаңында болғанын айтады. Сол жерге жеңіл көлік келіп тоқтап, ішінен ер адам жүгіріп шыққан. Ол бірден әйелді пышақтай бастапты. Кейін ізін суытқан.

27 жастағы әйелдің денесінен 20-ға жуық ашық жарақат табылды. Қылмыс видеоға түсіп қалған.

Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Күдіктінің көлігі табылған. Ол полициядан жасырыну үшін орманға тығылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары