27.07.2019, 17:00

Су тасқынынан 114 адам мерт болды

Фото: Trend.Az
Елде табиғи апаттың кесіренен жүздеген мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

Бангладеште су тасқыны салдарынан 17 күнде 114 адам мерт болды. Оған тоқтаусыз жауған нөсер себеп болған, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы Dhaka Tribune басылымына сілтеме беріп. 

Елде табиғи апаттың кесіренен жүздеген мың адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 

Сондай-ақ 14,7 мыңнан астам адам зардап шекті. Олардың жартысы су арқылы инфекциялық аурулар жұқтырса, қалғаны түрлі дене жарақаттарын алған. 

Бангладештегі 28 аудан су астында қалған.