Нью-Йоркте ыстық күнде көлікте қалып қойған егіздер қайтыс болды. Оқиға шаһардың Бронкс ауданында болған, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
37 жастағы Хуан Родригес есімді азамат таңертең жергілікті ауруханадағы жұмысына келіп, 1 жастағы қызы Марица мен ұлы Фениксті көлікке қалдырып кетеді. Бірақ неге екені белгісіз кішкентайларын ұмытып, оларға тек 8 сағаттан кейін оралған. Ал осы күні шаһарда күн 33 градусқа дейін ысыған. Жалпы, АҚШ-та жыл сайын осындай жағдайда орта есеппен 38 бала көз жұмады екен. Дәрігерлердің айтуынша, баланы тіпті 15 градустық ыстықтың өзінде көлікке қалдыру қауіпті. Себебі, көліктегі температура бас-аяғы 1 сағаттың ішінде 40 градусқа дейін ысиды.