$ 494.87  520.65  4.91

Шабаданның ішінен қайтыс болған қыздың денесі табылды

Қайтыс болған қыздың тамағын пышақпен кескен. Оның үстінде киімі болмаған.
Фото: РЕН ТВ
Фото: РЕН ТВ

Мәскеуде шабаданның ішінен қайтыс болғанның қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РЕН ТВ арнасы cілтеме беріп.  

Ресей астанасындағы Пырьева көшесінің бойында қайтыс болған қызға пәтерді жалға берген ер адам блогердің өлі денесін тапқан. Қыздарына ұзақ уақыт бойы хабарласа алмаған ата-анасы пәтер иесіне өтініш айтқан.  

Қайтыс болған қыздың тамағын пышақпен кескен. Оның үстінде киімі болмаған. 

Қыз бала медициналық ЖОО-да оқып жүрген және әлеуметтік желіде блог жүргізген. Оған шамамен 80 мыңнан аса адам жазылған. Өз парақшасында блогер оқу дерісі мен саяхат туралы айтатын болған.  

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кісі өлтіруге қызғаныш себепші болған. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары