$ 494.87  520.65  4.91

«Бірнеше жолаушы қайтыс болды»: жүк көлігі тік жардан құлады

Машина биіктігі 400 метрге жететін тік жардан құлаған. Жүк автомобилінде 12 адам болған, олардың бесеуі секіріп үлгерген.
Фото: КТК
Фото: КТК

Грузияның биік таулы аумағындағы Земо Алвани елді мекенінің тұрғындарын Омало ауылына апара жатқан жүк көлігі тік жардан құлап, кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды КТК арнасы

Телекомпанияның деректеріне қарағанда, жүк көлігі адамдарды ауылдық мерекеге апара жатқан. Қаға беріс сәтте жүргізуші рульге ие бола алмай, машина биіктігі 400 метрге жететін тік жардан құлаған. Жүк автомобилінде 12 адам болған, олардың бесеуі секіріп үлгерген. 

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Іздеу-құтқару операциясына Грузия ІІМ шекаралық полициясының тікұшағы тартылған. Ол ажалдан аман қалған бірнеше жолаушыны Телави қаласының (Кахети өлкесі) ауруханасына жеткізді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары