Францияда жанармай бекеттерінің бірінде атыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Салдарынан 3 адам қаза тапты. Тағы бір кісі жарақаттанған. Мәлім болғандай, көз жұмғандар арасында бір әйел бар. Ол оқ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Ал екі ер азамат ауруханада жан тапсырған. Әзірге оқиғаның себебі белгісіз. Полиция қызметкерлері осыған байланысты тергеу жұмыстарын жүргізуде.