48 жастағы аргентиналық боксшы Карлос Бальдомир туған қызын зорлағаны үшін 18 жылға сотталды, деп хабарлайды sputniknews.kz
orldboxingnews.net мәліметінше, сот орта салмақтағы экс-чемпионның өз қызын 8-9 жасында бірнеше рет зорлағанын дәлелдеді.
Карлос Бальдомирдің бұрынғы әйелі құқық қорғау органдарына 2016 жылы арызданған, бірақ тек 2019 жылы Санта-Фе соты үкім шығарып, боксшыны 18 жылға соттады.
Сотта ер адам тәртіпсіздік көрсетіп, жұртқа ортаңғы саусағын көрсетіп, балағат сөздер айтқан.
Карлос Бальдомир – орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Ол спорттағы карьерасын 2014 жылы аяқтады. Кәсіптік бокста 49 рет жеңіп, 16 жекпе-жекте жеңілген. Ол жұдырықтасқан боксшылардың ішінде Флойд Мейвезер, Сауль Альварес және Вернон Форрест бар.