АҚШ-тағы Линкольн округінде (Кентукки штаты) газ құбырында жарылыс болып, ол өртке ұласты. Алапат жалын әп-сәтте алты үй күлге айналдырды, деп хабарлайды ABC.
Келеңсіз жағдай салдарынан бір адам мерт болып, тағы бесеуі зардап шеккен. Құтқарушылар 75 тұрғынды эвакуациялады.
Бірнеше адам із-түзсіз жоғалған.Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 өрт сөндіру бригадасы тартылды.
Полиция жарылыс себебін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат