02.08.2019, 10:20

526 тісін жұлды: 7 жасар балаға күрделі ота жасалды

Фото: YouTube
Бұл соққыдан, суық тиюден, не болмаса гендік бейімділік салдарынан болуы ықтимал.

Үндістанда жеті жасар баланың іскен жағынан 526 ұсақ тіс тұқылын жұлып алды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

7 жасар баланың 526 тісін жұлды. Савитха ауруханасына тісінің ауруымен бала келіп, рентгенге түскен. Сөйтіп, ауыз қуысында ісік бар екенін түсінген. Бес сағатқа созылған отаны Ченнаи қаласындағы Савитха стоматологиялық колледжінің дәрігерлері жасады.

Әңгіме төменгі жақтағы тіс-еріндегі қатерсіз ісік жайлы болып отыр. Бұл соққыдан, суық тиюден, не болмаса гендік бейімділік салдарынан болуы ықтимал.

Тегтер: Үндістан ота