$ 494.87  520.65  4.91

«Қыз есінен танып қалған»: 82 жастағы қарияға екінші сынып оқушысын зорлады деген айып тағылды

«82 жастағы Р.О. 25 шілдеде тауда орналасқан ауылдағы үйіне бақша суғаруға барған. Ол көршінің үйіне кірген. Бұл уақытта онда тоғыз жастағы М.Б. ғана болған», - деді ішкі істер бөлімінің қызметкері.
Фото: Антикор
Фото: Антикор

Самарқанд облысы Кушрабад аудындағы қышлақтардың бірінің 82 жастағы тұрғыны екінші сынып оқушысын зорлаған деген күдікке қалды, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Самарқанд облыстық құқық қорғау органы қызметкерінің айтуынша, тоғыз жастағы қыз 25 шілдеде күндік таулы қышлақтың бірінде зорланған.

«82 жастағы Р.О. 25 шілдеде тауда орналасқан ауылдағы үйіне бақша суғаруға барған. Ол көршінің үйіне кірген. Бұл уақытта онда тоғыз жастағы М.Б. ғана болған. Қарт кісі үйде қыздың жалғыз екенін көріп, оны зорлаған. Қыз есінен танып қалған соң, Р.О. қылмыс орнынан қашып кеткен», - деді ішкі істер бөлімінің бір қызметкері.

Қызға медициналық көмек көрсетілді. Күдікті ұсталды, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары