$ 447.4  477.55  4.76

Ер адам науқас ұлының еміне жиналған ақшаны жезөкшелерге берген

37 жастағы Матеус Альвесті полиция 22 шілдеде елдің солтүстік-шығысында, теңіздің жағалауында орналасқан бес жұлдызды қонақүйде ұстады.

Бразилияда 130 мың фунт стерлинг ұрлаған (шамамен 59 100 000теңге) ер адам тұтқындалды. Қатты науқастанып қалған ұлының еміне жұмсалуы тиіс ақшаны ол жезөкшелерге беріп, есірткі сатып алған. Бұл туралы Stan.kz  ақпарт агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

37 жастағы Матеус Альвесті полиция 22 шілдеде елдің солтүстік-шығысында, теңіздің жағалауында орналасқан бес жұлдызды қонақүйде ұстады. Ақшаны алғаннан кейін оны іздеп табу жұмыстарына бір ай кетті. Полицияның мәліметінше, сол уақыттың ішінде ер адам жезөкшелер мен есірткіге өте көп ақша жұмсаған. Оны тұтқындау кезінде бөлмесінен қымбат сағат, дизайнерлік киім, парфюм және есірткі табылды. Сонымен қатар, ер адам әлеуметтік желіде марихуанамен мақтанып, өзінің керемет өмірі жайлы видео жүктеген. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Альвестің бордель ашып, кем дегенде төрт әйелді жұмысқа алуды жоспарлағанын анықтады. Осы мақсатына жету үшін ол шамамен 10,8 мың фунт (5 023 500 теңге)жұмсаған. 

Басылымның мәліметінше, ер адамның қолында болған ақша бір жарым жастағы баласы Жуанның еміне жиналған. Ауыр дертке шалдыққан бала қымбат тұратын препараттың алты инъекциясынан құралған курстан өтуі тиіс. Дәрінің әр дозасы 81 мың фунт стерлинг (37 233 000теңге) тұрады. 

Бір жыл ішінде қайырымдылыққа берілген ақшалардың, қайырымдылық акциялардың, краудфандингтік шаралардың көмегімен 216 мың фунт стерлинг жинады. Аталған шараларға танымал спортшылар, полицейлер, қарапайым тұрғындар қатысқан. Ақша төрт шотта жиналды. Альвес және оның әйелі Каринде ақшаға иелік ету мүмкіндігі болды. Баланың анасы күйеуім ақша ұрлап кетеді деп ойламаған екен. Өйткені, ол әйелінің көз алдында әрдайым адал, ұлын жақсы көретін әке болған.  

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол екі баласы мен әйелін тастап кеткені үшін, алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінді. Әр қылмысы үшін ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бразилия