05.08.2019, 12:50

Instagram мен WhatsApp атауы қалай өзгереді?

Фото: Хабар 24
Талап негізі мынада – көп қолданушы WhatsApp пен Instagram-ның Facebook компаниясына тиесілі екенін және деректер қоры ортақ екенін біле бермейді.

Марк Цукерберг негізін қалаған Facebook компаниясы өзінің екі басты активі – Instagram әлеуметтік желісі мен WhatsApp мессенджерінің атын өзгертеді. Олардың атауында түбегейлі өзгеріс болмайды, екеуіне де «from Facebook» деген маңызды қосымша жалғанады, деп жазады massaget.kz.

«Біз Facebook-тің құрамдас платформаларының атауын нақтылап көрсеткіміз келеді», - деді компания өкілі Берти Томсон.

Дегенмен, АҚШ-тың Федерал сауда комиссиясының антимонополиялық талабы бойынша, олар енді ресми «Instagram from Facebook», «WhatsApp from Facebook» деп аталатын болады. Талап негізі мынада – көп қолданушы WhatsApp пен Instagram-ның Facebook компаниясына тиесілі екенін және деректер қоры ортақ екенін біле бермейді. 

App Store мен Google Play интернет-дүкендерінде Instagram from Facebook және WhatsApp from Facebook деп қашан пайда болатыны және смартфон экрандарында қалай көрініп тұратыны әзірге белгісіз.

Тегтер: Facebook Whatsapp Instagram