$ 444.22  476.38  4.82

Ішек инфекциясы симптомы: үйлену тойына келген меймандар жаппай уланды

Мереке аяқталғаннан кейін ішек инфекциясы симптомы 89 адамда байқалған, оның сегізі – бала.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Әзірбайжанның Зяргярли ауылында өткен үйлену тойында меймандар жаппай уланды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Мереке аяқталғаннан кейін ішек инфекциясы симптомы 89 адамда байқалған, оның сегізі – бала. Бұл - аудандық аурухана мен Габала диагностикалық орталығына дәрігер көмегіне жүгінгендер. Жас жұбайлардың жағдайы белгісіз, деп хабарлайды Sputnik Әзірбайжан.

Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, медициналық көмек көрсетілген соң адамдар үйіне жіберілген. 15 жастағы бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

Жаппай улану фактісін құқық қорғау органдары тексеретін болады. Сондай-ақ, бұл іске азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандары да жұмылдырылған. Қылмыстық іс қозғалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары