Тәртіп сақшысы кісендеулі әйелді сабаған. Аталмыш жантүршігерлік оқиға АҚШ-тың Вермонт штатында орын алған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Әйел адам бейтаныс ер адамның футболкасын жыртып тастады деген күдікпен ұсталған. Абақты ішінде отырып, ол түрме есігін тепкілеген. Оның бұл әрекеті тәртіп сақшысына ұнамай қалса керек.
Тәртіп сақшысы 35 жастағы Эми Коннеллиді әуелі оңдырмай теуіп отырғызып, артынша оңдырмай сабап тастаған. Аталмыш видеоролик жалпы жұрт назарына шыққан соң, жергілікті билік тәртіп сақшысын жұмыстан шығарып жіберген.