Атамбаевтың үйін басып алу үшін екінші штурм басталды, деп жазады Zakon.kz akipress-ке сілтеме жасап.
Басылым хабарлағандай, сағат 16.20-да Атамбаевтың үйінде болған 500-дей адам Беш-Күнгей жаққа жылжыды. Олардың қолдарында қару жоқ, тек тас пен таяқ ұстаған.
Ал 16.23-те арнайы жасақ қайтадан шабуылға кірісті. Милиция Атамбаевтың үйіне граната лақтырды.
РИА Новости жеткізгендей, Атамбаевтың штабы экс-президентті жақтаушылар мен қарулы күштер арасында жаңа қақтығыс басталғанын мәлім етті. Атамбаевтың жақтастары Бішкектегі митингті тоқтатып, Қой-Ташқа қарай келе жатыр.
Қырғызстанның бұрынғы президентін жақтайтын Фарид Ниязов Алмазбек Атамбаевтың үйіне екінші шабуыл басталғанын растады.
«Атыс естілді. Гранаталар жарылып жатты», - деді ол.
Жарақат алғандар туралы Фарид Ниязов ештеңе айтпады.