$ 446.49  475.38  4.79

Сүйісіп тұрған қыз бен жігіт көпірден құлап кетті (ВИДЕО)

Әйел жақтауда жігітті құшақтап отырады. Серігін аяғымен орап, тепе-теңдігін жоғалтқандай болды.

Перуде сүйісіп тұрған жұп көпірден құлап кетті. Екі жастың түнгі клубтан шыққан беті екен.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 34 жастағы Мейбет Эспиноза мен 36 жастағы Гектор Видаль түнгі клубтан үйіне қайтпақ болады. Олар көпірге сүйісу үшін тоқтады. Әйел жақтауда жігітті құшақтап отырады. Серігін аяғымен орап, тепе-теңдігін жоғалтқандай болды. Соның салдарынан қыз да, жігіт те төменге құлап кетті, деп жазады Stan.kz.

Қыз бен жігіт көпірден ұстап алуға тырысты, бірақ, одан ештеңе шықпады. Видеоны психикасы нашар адамдардың, сондай-ақ, жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балалардың көруіне кеңес берілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#әйел