09.08.2019, 04:50

Атамбаев ұсталуының алдында өзін атып тастауын сұрады

Атамбаевпен келіссөзді ІІМ басшысының орынбасары Курсан Асанов жүргізген.

Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында экс-президенттің ұсталуының алдындағы келіссөздердің видеожазбасы пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл оқиғадан біреудің зардап шеккенін қаламаймын" , - деп жазылған видеоның астында.

Sputnik Қырғызстан мәліметінше, Атамбаев арнайы жасақ сарбаздарының ешкімге зиян келтірмеулерін сұраған.

"Керек болса, мені атып тастаңдар. Бастысы жігіттерге тиіспеңдер. Жігіттер мен қыздарға тиіспейсіңдер ғой?"  - деп сұрады экс-президент.

Атамбаевпен келіссөзді ІІМ басшысының орынбасары Курсан Асанов жүргізген. Бұрынғы мемлекет басшысы министрдің орынбасары жиылған халықтың дін-аман қайтатынына уәде еткенінен кейін ғана берілуге келіскен.