$ 446.49  475.38  4.79

«Бірнеше автокөлік және тұратын пәтерімен қамтамасыз етеді»: миллионер қалыңдығына көңілдес іздеуде

Одан бөлек, жұмысы үшін жігітке 15 мың фунт стерлинг төленетін болады.
Фото: immigrant.today
Фото: immigrant.today

Белгісіз милионер Hush Hush интернет-дүкеніне өзінің қалыңдығына көңілдес іздестіретіні туралы жазған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Миллионер сүйіктісі оның ақшасына қызықты деп күмәнданады екен. Өйткені ол тезірек үйленуді ұсынған және неке келісімшартына отыруға қарсы екенін жеткізіпті. Күмәнін сейілту үшін миллионер қалыңдығының жүрегін жаулауға тырысатын жас сымбатты жігітті жалдағысы келеді екен. 

Оған қойылатын талаптары: ол жігіт сымбатты, әрі жақсы формада болуы керек. Қалыңдығының жүрегін жаулап алатын адамды бірнеше автокөлік және тұратын пәтерімен қамтамасыз етеді. Ары-бері шығып жүруі үшін ақша да беріледі. 

Одан бөлек, жұмысы үшін жігітке 15 мың фунт стерлинг төленетін болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары