Әлем 11.08.2019 сағат 10:10

Атамбаевтың үйінен бірнеше қару тәркіленді

Қазір криминалистік сараптама жасалып жатыр.
Атамбаевтың үйінен бірнеше қару тәркіленді
Фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен атыс қаруы мен оқ-дәрінің 11 түрі тәркіленді, деп хабарлайды sputniknews.kz Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8 тамыз күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері саясаткердің Кой-Таш ауылындағы үйінен Драгунов снайперлік винтовкасын, Симонов өздігінен зарядталатын карабинін, "Капрал" тапаншасын, GM-100 маркалы екі тапанша, "Сайга" карабині, ТОЗ қосауыз мылтығы, Fabarm, Zoli және Progress қаруларын тапты.

Бұған қоса, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағынан тартып алынған қарулар да тәркіленді.

Қазір криминалистік сараптама жасалып жатыр.


Еске сала кетейік, 7 тамыз күні кешке Кой-Таш ауылында арнайы жасақ Атамбаевты ұстау операциясын жүзеге асырмақ болды. Алайда бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары оларға тойтарыс берді.


Саясаткерді ұстау операциясы екінші күні де жалғасты. Нәтижесінде Атамбаев қолға түсті. Енді ол 26 тамызға дейін тергеу абақтысында қамауда болады.


Соңғы деректер бойынша, екі күнге созылған қақтығыс салдарынан 136 адам зардап шеккен. Арнайы жасақтың бір сарбазы оқ жарақатынан көз жұмды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар