Әлем 11.08.2019 сағат 15:00

Ливияда миналанған автокөлік жарылып, БҰҰ-ның үш қызметкері қаза тапты

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Франция осы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кездесуін өткізуді сұрады.
Ливияда миналанған автокөлік жарылып, БҰҰ-ның үш қызметкері қаза тапты
Фото: ukrinform.ru
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ливияның Бенгази қаласында миналанған автокөліктің жарылуынан Біріккен ұлттар ұйымының үш қызметкері қаза тауып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Euronews хабарлады, деп жазды baq.kz.
Оқиға салдарынан ондаған адам жарақат алған, оның ішінде бір бала болған. Ақпаратты жергілікті ауруханалардың бірі растады. Жарылыс сенбі күні қаланың батысындағы базарға жақын маңда болған.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Франция осы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кездесуін өткізуді сұрады.

Ал ЕуроОдақ Бенгазидегі шабуылдан Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлерінің қаза тапқаны туралы хабарлама Ливия дағдарысының тағы бір ұят және қауіпті оқиғасы екенін айтты.

Сондай-ақ, ЕО Ливиядағы барлық тараптарды БҰҰ арнайы өкілі Гассан Саламенің делдалдығымен жасалған келіссөздерді сақтауға шақырды.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар