YouTube әлеуметтік желісіндегі Zackabier парақшасында бір талантты суретші Еуропаның 40 мемлекетінің жер көлемін белгілі тіршілік иелеріне ұқсатып салып шыққан. Арасында Қазақстан да бар екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бүгін соны lifter.com.ua сайты жариялады. Кейбіреуі бір қарағанда тым ұсқынсыз көрінгенмен, жалпы логикадан алшақ та емес.
Осыны фейсбук парақшасында бөліскен Аяз Би бүркеншік есімді желі қолданушысы: «Жер көлемі жағынан Норвегия сперматозоидқа, Қазақстан бейне бір бай-манапқа ұқсағанмен, әлеуметтік жағдайлары – керісінше. Қазақстан «сперматозоид» сияқты даму процесінде. Жатырға жетсек, бір мәнісі болар», – деп мысқылдаған.
Бәлкім, сіздің өз уәжіңіз бар шығар? Бұл суреттерге қатысты не айтасыз, қадірлі оқырман?