$ 444.32  473.33  4.76

1 адам қайтыс болған: жасөспірімдер мен полицейлер арасында атыс болды

Құқық қорғаушылар шабуылдаушыларға оқ жаудырып, тойтарыс берген, алайда олар полицейлердің бірін жарақаттап үлгерген.

Израильде полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеобақылау камерасына түсіп қалды, деп хабарлады Sputniknews.kz ақпараттық порталы НТВ-ге сілтеме жасап.

Құқық қорғаушылар шабуылдаушыларға оқ жаудырып, тойтарыс берген, алайда олар полицейлердің бірін жарақаттап үлгерген.

«Иерусалим қаласындағы қарулы шабуыл салдарынан бір офицер орташа дәрежеде жарақат алды. Полиция оқ атып, екі террориске тойтарыс берді», - деді Израиль полициясының ресми өкілі Мики Розенфельд.

Израиль бұқаралық ақпарат құралдары шабуылдаушылардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнынан түсірілген видеокадрды жергілікті баспасөз таратты.

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністері бар!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атыс