Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен БРИКС және ШЫҰ саммиттері өтетін жер өзгертілді. Маңызды шаралар бұрын Челябинск қаласында болады деп жоспарланса, енді Санкт-Петербург қаласында өтетін болды, деп жазады Sputniknews.kz.
Бірақ осы саммиттерге орай өтетін басқа шаралар Челябинскіде ұйымдастырылады.
Екі саммит те 2020 жылы өтеді.
Келесі жылы Ресей ШЫҰ мен БРИКС-ке төрағалық жасамақ.
Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ) 2001 жылы 14 тамызда Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекет басшылары құрды. Қазір ұйым құрамына Үндістан мен Пәкістан кіреді.
БРИКС (BRICS) — Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Респулбикасы елдерінің одағы.