$ 449.3  489.69  4.89

Тыңшы көлігінің құны – 6,4 млн доллар!

1965 жылы шығарылған көлік 007 агентіне қажетті түрлі тыңшылық құралдармен жабдықталған.

 

Әйгілі британдық тыңшы Джеймс Бондтың көлігі аукционда 6,4 млн долларға сатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы, 24.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, Монтерейдегі Sotheby's аукционы Aston Martin DB5 көлігі үшін жаңа рекорд орнатты. 1965 жылы шығарылған көлік 007 агентіне қажетті түрлі тыңшылық құралдармен жабдықталған. Оның ішінде құпия қару, оқ дарымайтын әйнек және тағы басқа қорғаныш заттары бар.

Бірақ бұл көлік Джеймс Бонд туралы фильмдерде бой көрсетпеген. Тек АҚШ елінде Бонд туралы сериалды жарнамалау мақсатында қолданылыпты. Ал көліктің жаңа иесі белгісіз қалуды жөн көрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары