$ 443.35  475.54  4.82

Индонезияда жағалауда тұрған кеме өртеніп, 7 адам мерт болды

Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі Оңтүстік-Шығыс Сулавеси провинциясының жағалауында болған.

Индонезияда жағалауда тұрған кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты. Тағы төрт адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі Оңтүстік-Шығыс Сулавеси провинциясының жағалауында болған. 

Синьхуа агенттігінің Индонезия Іздестіру және құтқару ұлттық агенттігінің ресми өкілі Юсуф Латифке сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандардың екеуі – бала. Апатқа ненің себеп болғаны әзірге белгісіз, басқа ақпарат жария етілмей отыр. 

Өрт кеменің машиналық бөлігінде тұтанған болу керек. Экипаж мүшелері жалынды өшіре алмаған. 

«Жолаушылар суға секіруге мәжбүр болған», - дейді Латиф.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Индонезия