Индонезияда жағалауда тұрған кеме өртеніп, жеті адам қаза тапты. Тағы төрт адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі Оңтүстік-Шығыс Сулавеси провинциясының жағалауында болған.
Синьхуа агенттігінің Индонезия Іздестіру және құтқару ұлттық агенттігінің ресми өкілі Юсуф Латифке сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандардың екеуі – бала. Апатқа ненің себеп болғаны әзірге белгісіз, басқа ақпарат жария етілмей отыр.
Өрт кеменің машиналық бөлігінде тұтанған болу керек. Экипаж мүшелері жалынды өшіре алмаған.
«Жолаушылар суға секіруге мәжбүр болған», - дейді Латиф.