Үндістан мен Пәкістан шекарасында, Кашмирде екі елдің сарбаздары тағы да атысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Deutsche Welle порталына сілтеме жасап.
Нью-Делидегі үкімет өкілі атыс салдарының ауыр болғанын айтты. Мәліметке сәйкес, бір үнді сарбазы қаза тапқан. Ал Исламабад жақ бұл оқиға жайлы ешқандай пікір білдірмеген.
Атап өтсек, қазір екі елдің арасындағы қақтығыс, жалпы қарым-қатынас халықаралық деңгейде талқыланып жатыр.