Әлем 19.08.2019 сағат 06:00

«Уайымдамасын дедім»: 16 жастағы жасөспірім отбасының 6 мүшесі мен өзін өлтірген

Бір отбасының алты мүшесінің, оның ішінде төрт жасқа дейінгі екі жас баланың мүрделері Ресейдің Ульянов облысы ауылындағы үйлердің бірінен табылды.
«Уайымдамасын дедім»: 16 жастағы жасөспірім отбасының 6 мүшесі мен өзін өлтірген
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тергеудің бір нұсқасы бойынша, 16 жастағы жасөспірім туыстарын өлтіріп, кейін өз өмірін қиған, деп жазады Stan.kz.

Ресейдің тергеу комитеті қайғылы оқиға туралы хабарлайды.

Патрикеево ауылында 66 жастағы ер адамның, 69 және 42 жастағы әйелдердің, төрт жасқа дейінгі екі баланың мүрделері табылды. Артынан қайтыс болған 16 жасар жасөспірім табылды.

«Тергеудің бір нұсқасы бойынша, жасөспірім өзінің отбасы мүшелерін өлтіріп, содан кейін ол өз өмірін қиды. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиға болған жер тексеріліп жатыр, басқа да тергеу амалдары мен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған шаралар жасалып жатыр», - делінген хабарламада.

Алдын-ала болжам бойынша, жас жігіт отбасы мүшелерін балтамен өлтірген. Ол шизофрениядан зардап шегуі мүмкін, дейді облыстық прокуратураның өкілі.

Өз-өзіне қол жұмсау туралы жазбада жасөспірім өліп, бәрін өздерімен бірге алып кетуді ұйғарды деп жазды. Оның үстіне, ол өте үлгілі отбасынан шыққан, олимпиадаларға бірнеше рет қатысқан, үздік оқушы болған. Шамасы, ол шизофрениямен ауырған.

Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігінің «а» тармақшалары (екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар