Түрік жағалау қызметі Грекия аумағына заңсыз өтпек болған 330 босқынды ұстады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Осылайша, 10 тамыздан бері жағалауда құрықталған заңсыз босқындардың саны 700-ден асты. Чанаккале провинциясы жағалауынан гректің Лесбос аралына бет алған мигранттардың дені – Ауғанстан, Сирия, Палестина, Иран мен Ирак азаматтары.
Жалпы, Еуроодақ елдеріне 2015 жылы 1 миллионнан астам босқын заңсыз жолдармен кірсе, бұл көрсеткіш 2016 жылы Түркия- Еуроодақ келісімінен кейін айтарлықтай төмендеген. Ал БҰҰ-ның деректеріне сүйенсек, 2019 жылы 50 мыңнан астам мигрант Еуропаға өтіпті. Бұл – соңғы 5 жылдың ең төменгі көрсеткіші.