$ 448.15  483.46  4.86

Өз үйлену тойында баспалдақтан құлаған жігіт үйленгенін ұмытып қалған

Ер адам бас-сүйек, арқа, қол, иық жарақатын алып, жүрегі мен өкпесіне зақым келді. Дәрігерлер науқастың жағдайын жол-көлік апатынан аман қалған адаммен салыстырды.

Шотландияда ер адам үйлену тойынан кейін комаға түсті, деп хабарлайды Sputniknews.kz ақпараттық порталы Scottish Daily Record-ке сілтеме жасап.

Уэст-Лотиан облысының тұрғыны Крис Мэллон қонақүй қызметкеріне тойға әкелген сыйлықтарды бөлмеге апаруға көмектеспек болған. Сол кезде баспалдаққа сүрініп, 3,7 метр биіктіктен құлады.

Ер адам бас-сүйек, арқа, қол, иық жарақатын алып, жүрегі мен өкпесіне зақым келді. Дәрігерлер науқастың жағдайын жол-көлік апатынан аман қалған адаммен салыстырды.

Мэллон он күн бойы жансақтау бөлмесінде жатты. Есін жиған кезде, біраз нәрсені ұмытып қалғаны белгілі болды.

"Мен оның есін жиғанын көрдім. Бірақ ол қатты ұялды. Өйткені біздің үйленгенімізді де ұмытып қалған еді", — деді әйелі Аврил.

Сондықтан әйелі тойда ойнаған әнді айтқан. Сол кезде жігіт бәрін есіне түсіре бастаған.

Жігіт бірнеше апта бойы дәрігерлер бақылауында болды. Мамандар оның қалпына келуіне кем дегенде жарты жыл кетеді деген болжам жасаған болатын. Алайда жігіт небәрі бір ай ішінде үйіне оралды.

Оның сол құлағы естімей қалған әрі иіс пен тағамның дәмін сезбейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары