$ 498.34  519.72  4.85

АҚШ 500 шақырымнан астам қашықтыққа қанатты зымыран ұшырды

Құрама Штаттар 1987 жылы Совет одағы кезінде қабылданған 500-ден 5 500 шақырым қашықтыққа зымыран ұшыруды жою жөніндегі келісім күшінде болғандықтан, алыс қашықтыққа зымыран ұшыра алмай келген.

АҚШ Қорғаныс министрлігі қанатты зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Үш апта бұрын бұл сынақ алыс қашықтыққа зымыран ұшыруға тыйым салу жөніндегі келісімге қайшы келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, abai.kz-ке сілтеме жасап.

Енді Ресей-Америка келісімі тоқтағаннан кейін жаңа қаруды сынақтан өткізуге мүмкіндік ашылған. Пентагонның баспасөз қызметі хабарлағандай, жексенбі күні Калифорнияның Сан-Николас аралынан ұшқан зымыран 500 шақырымнан астам қашықтыққа ұшып, дәлдеген жерге жеткен.

Осының алдында Құрама Штаттар 1987 жылы Совет одағы кезінде қабылданған 500-ден 5 500 шақырым қашықтыққа зымыран ұшыруды жою жөніндегі келісім күшінде болғандықтан, алыс қашықтыққа зымыран ұшыра алмай келген.

АҚШ биылғы жылдың 2 тамызында Ресей аталған шартты бірнеше қайтара бұзды деп екіжақты келісімнен шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары