АҚШ Қорғаныс министрлігі қанатты зымыранды сынақтан өткізгенін мәлімдеді. Үш апта бұрын бұл сынақ алыс қашықтыққа зымыран ұшыруға тыйым салу жөніндегі келісімге қайшы келген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, abai.kz-ке сілтеме жасап.
Енді Ресей-Америка келісімі тоқтағаннан кейін жаңа қаруды сынақтан өткізуге мүмкіндік ашылған. Пентагонның баспасөз қызметі хабарлағандай, жексенбі күні Калифорнияның Сан-Николас аралынан ұшқан зымыран 500 шақырымнан астам қашықтыққа ұшып, дәлдеген жерге жеткен.
Осының алдында Құрама Штаттар 1987 жылы Совет одағы кезінде қабылданған 500-ден 5 500 шақырым қашықтыққа зымыран ұшыруды жою жөніндегі келісім күшінде болғандықтан, алыс қашықтыққа зымыран ұшыра алмай келген.
АҚШ биылғы жылдың 2 тамызында Ресей аталған шартты бірнеше қайтара бұзды деп екіжақты келісімнен шыққан.