$ 448.15  483.46  4.86

Автобус аударылып, 7 адам қаза тапты

Алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханада көз жұмды.

Оңтүстік Қытайда Гуандун провинциясындағы магистральда автобус аударылып, жеті адам қаза тапты және 11-і жарақат алды.

Бұл туралы жергілікті билік дүйсенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі. Апат 26 тамыз күні түн ортасында Янцзян қаласында Шэньян-Хайкоу магистралінің учаскесінде болды. Автобус тек 44 адамға арналған. Ал, жол-көлік оқиғасы болған кезде онда 47 адам болған. 

Алты адам оқиға орнында қаза тапты, біреуі ауруханада көз жұмды. 11 адам жеңіл жарақат алды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары