$ 447.4  477.55  4.76

Ұлыбритания әуежайларында сұйық заттарды алып жүруге салынған тыйым алып тасталатын болды

Өйткені ұшақ айлақтарының бәрінде жүктерді тексеретін 3D сканерлер орнатылмақ.

Ұлыбритания әуежайларында сұйық заттарды алып жүруге салынған тыйым алып тасталатын болды, деп жазады 24.kz.

Өйткені ұшақ айлақтарының бәрінде жүктерді тексеретін 3D сканерлер орнатылмақ. Ол қауіпсіздік қызметкерлеріне кез келген сөмкедегі заттарды анық қарап, тексеруге мүмкіндік береді. Биліктің мәлімдеуінше, бұл қауіпсіздікті күшейтіп, ұшақтарға отырғызу процесін жеңілдетеді. 

Айта кетейік, 2006 жылы Ұлыбритания полициясы ұшақта сусын құтысымен жасалмақ болған лаңкестіктің алдын алған болатын. 

Осыдан кейін ұшаққа 100 миллиграмнан асатын құтымен сұйық зат алып кіруге шектеу енгізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ұлыбритания