$ 494.87  520.65  4.91

Жұпарынан иіссу жасалатын тісті жануарды білесіз бе?

Шығыс және оңтүстік-шығыс Азияда тіршілік етеді. ТМД-да солтүстік аймақта, таулы орманды (тайга) жерде кездеседі.

Мынау – құдыр (кей жазбада күдір деп көрсетілген) деген жануар. Орысшасы – кабарга. Қабырғаны ұмытпасаң болды, тез жатталып қалады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дене ұзындығы – 1 метр, биіктігі – жарты метрден сәл асады, ал салмағы – 17 келіге тақау болады екен. Тұяқты жануарлардың ең кішісі.

Құдыр – өте сақ және үркек жануар. Мекендеген жерінен ұзамайды. Қауіп төнгенде жүгірісіне көз ілеспейді. Таңертең, ымыртта және түнде жайылып, күндіз тасаға тығылады. Жауы – құну мен сілеусін.

Бұның басқа жануарлардан ерекшелігі – аталықтарының ұзын, қайқы, иек астынан шығып тұратын азу тістері бар.

Шығыс және оңтүстік-шығыс Азияда тіршілік етеді. ТМД-да солтүстік аймақта, таулы орманды (тайга) жерде кездеседі. Ютубтан көрсең, етін якуттар сүйсіне жеп жатады, әйтеуір.

Бір ғажабы, бұлардың негізгі қорегі – қына. Сондай-ақ, жазда түрлі ағаш бұтақтарын, қыста қарағай, самырсын сияқты орман ағашының қылқанды жапырақтары бар жас бұтақтарын азық етеді.

Қараша мен желтоқсанда күйлеп, 1-2 бұзау туады.

Тағы бір қызығы, адамдар құдырды бауырында орналасқан жұпар бездері үшін аулайды екен. Себебі, еркегінен иіссуға қосатын бағалы сұйық зат алынатын көрінеді. «Естімеген елде көп» дегеніміз – осы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары