27 тамыз күні Тбилисиде бейтаныс әйел кішкентай баланың бетін пышақпен тілгілеп кетті, деп жазады Life.ru.
Видео Youtube видео-порталында жарияланды. Әйел бірінші баланы пышақтап, екіншісіне шабуылдаған. Алайда әкесі оған жол бермеді.
Баланың жағдайы орташа.
28 тамыз күні 52 жастағы әйел күдікті ретінде тұтқындалды. Кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.