Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасы құтырған ит 15 адамды, оның ішінде милиция қызметкерін тістеп алғанын мәлімдеді, деп жазады Centralasian.kz.
28 тамызда әлеуметтік желілерде екі көлік жолдағы итті әдейі басып өтпек болған видео тарады. Бұл қолданушылардың наразылығын туғызды.
Бірақ Самарқанд облыстық ішкі істер басқармасы Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау орталығына сілтеме жасап, оның құтырған ит екенін мәлімдеген.
Ит тістеген 15 кісі ауруханаға жатқызылған. Оларға құтырмаға қарсы екпе еккен.
Иттің сөлі ветеринария басқармасының вирустық зертханасына жіберілген.
Құтырма ауруы жұқпалы індеттердің қатарына енеді. Ол сілекей арқылы жұғады.