03.09.2019, 07:00

Атлантика мұхитында соққан «Дориан» дауылы ең жоғарғы деңгейге жетті

Бұған қоса, аймақта 75 сантиметр мөлшерінде жауын жаууы да ықтимал.

Атлантика мұхитында соққан «Дориан» дауылы Саффир-Симпсон шкаласы бойынша ең жоғарғы бесінші деңгейге жетті, деп хабарлайды «Хабар24».

АҚШ-тың дауылды ескерту ұлттық орталығының мәліметіне сай желдің жылдамдығы сағатына 300 шақырымға жуықтайды. 

Бұған қоса, аймақта 75 сантиметр мөлшерінде жауын жаууы да ықтимал. Табиғи апат бірінші болып Багам аралдарына жетеді. Бірақ мамандардың айтуынша, ол өте баяу қозғалғандықтан, дүлей дауыл аймақта 30 сағаттай соғады. Кейін ол Флорида жағалауына бағыт алады. Осыған байланысты қазір билік өкілдері тұрғындарға ескерту жасап жатыр. 

Айта кетсек, өткен жылы АҚШ-та соққан «Майкл» дауылы да бесінші деңгейге жетіп, салдарынан 74 адам қаза тапқан еді. Ал одан келген қаржы шығыны 25 миллиард долларды құраған болатын.

Тегтер: жел