$ 446.49  475.38  4.79

Дауыл салдарынан 500 мыңға жуық адам жарықсыз қалды

Кең көлемде болған апаттың салдарын жоюға 700-ге жуық әскери қызметкер жұмылдырылады.

Атлант жағалауына жақындаған Дориан дауылының салдарынан Канаданың шығысындағы Нью-Брансуик, Жаңа Шотландия және Эдвард ханзада аралы провинцияларында 500 мыңға жуық абонент электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ, ria.ru сайтына сілтеме жасап.

CTV жергілікті телеарнасы хабарлағандай, Дориан дауылы сенбі күні кешке пост-тропикалық дауыл болмай тұрып, Галифакс қаласына жеткен кезде әлсіреді.

Қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, үйлердің шатыры ұшып, Галифакс қаласында құрылыс краны құлады. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәліметтер жоқ.

Телеарнаның хабарлауынша, жексенбіде кең көлемде болған апаттың салдарын жоюға 700-ге жуық әскери қызметкер жұмылдырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Канада #дауыл