$ 486.65  524.46  5.05

Жазылушылар саны – 16,32 млн: Хабиб Нурмагомедов Instagram-дағы ең танымал ресейлік болды

Осылайша, спортшы 16,31 млн жазылушысы бар әнші Ольга Бузовадан озды.

Күні кеше Дастин Порьемен кездесіп, UFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған ресейлік аралас жекпе-жек шебері Instagram-дағы жазылушылар саны бойынша ресейлік әнші Ольга Бузовадан озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің Instagram-дағы парақшасына жазылушылар саны жексенбі күні 16,32 млн-ға жетті. Осылайша, спортшы 16,31 млн жазылушысы бар әнші Ольга Бузовадан озды.

Порьеге қарсы жекпе-жектен кейін Нурмагомедов $6 млн-нан астам гонорар алды.

Оның енді келесі қарсыласы – промоушеннің жеңіл салмақтағы бұрынғы уақытша чемпионы Тони Фергюсон болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары