Әлем 09.09.2019 сағат 15:55

Қытай жасаған картада Қазақстан жоқ

«Сүп-сүйкімді жаратылыс екен деп қолыма ұстап тұрып, ішінен Қазақстан деген жазуды іздей бастадым. Сенесіз бе? Әлем картасының ішінде Қазақстан жоқ. Ал енді жының келе ме, келмей ме?».
Қытай жасаған картада Қазақстан жоқ
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қытайдан Қазақстанға тасымалданып жатқан оқу құралдарының саны қисапсыз. Сапасы сын көтермесе де, қызылды-жасылды етіп сәндеп қоятын олардың арасында глобус үлгісіндегі ұштағыш та бар. Сол ұштағыштағы кемшілікті желі қолданушы Назерке Серікқызы фейсбук парақшасында атап көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Биыл бауырым (інім) 6 сыныпқа қадам басты. Біраз бұрын алған оқу құралдарын түгендеп, ертеңгі сабағына дайындалып жатқанбыз. Пеналын, әп-әдемі қарындаштарын, сызғыштарын көрсетіп мәз болып жатты. Бірақ менің көзім пеналдың ішіндегі глобусқа түсті. Сөйтсем, ол глобустың бейнесіндегі ұштағыш (точилка) екен. Шіркін-ай, біздің кезде, біздің ата-анамыздың кезінде бұндай керемет дүниелер болмады ғой. Сүп-сүйкімді жаратылыс екен деп қолыма ұстап тұрып, ішінен Қазақстан деген жазуды іздей бастадым. Сенесіз бе? Әлем картасының ішінде Қазақстан жоқ. Ал енді жының келе ме, келмей ме?» – дейді жазба авторы.

Оның пікірінше, қазақ еркіндік, тәуелсіздік жайлы айтып, шарқ ұрып азаттық пен әділдік іздеп жүргенде, әлем картасынан жоғалып бара жатқанымызды сезбей қалыппыз.

«Егер сіз шынымен ұрпақ үшін алаңдайтын болсаңыз, ұл-қызыңыз бен іні-қарындасыңызға туған елі туралы жиі айтыңыз. Бұл какой-то мелочьный дүние емес. Салғырт та қарауға болмайды. Өтірік қазақпын деп кеудені ұра бермей, іспен дәлелдеңдер. Ал мен бауырыма мына ұштағышының орнына басқасын алып беремін деп шештім!» – дейді Назерке Серікқызы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар