$ 494.87  520.65  4.91

«30 млн $ сұрайды»: «Қазақмыстың» басшысы АҚШ-тағы 1 мың шаршы метрлік үйін сатады

Бұл үйді алған адам Эдди Мерфи, Сльвестр Сталлоне, Кимора Ли Симмонс және Мэджик Джонсон сынды атақты адамдармен көрші болады.

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Лос-Анджелестегі үйін сатпақшы, деп жазады «Жас Алаш», kaztag.kz-ке сілтеме жасап.

АҚШ басылымы «Қазақстандық олигарх Беверли Парктегі үйі үшін 30 млн $ сұрайды» деп жазыпты. Беверли Парк – Лос-Анджелестегі ең қымбат аудан. Ол жердегі 73 зәулім үй таудың биік тұсында орналасқан. Беверли Паркте көбіне шетелдік бизнесмендер тұрады.

Әлемдегі мыс алпауыты болып есептелетін «Қазақмыс» бір жылда 3 млрд $ табыс табады. Эдуард Огай – осы «Қазақмыс» акцияларының басым бөлігіне иелік ететін мультимиллиардер Владимир Кимнің оң қолы. Огай АҚШ-ғы бұл зәулім сарайын әйелі екеуі шамамен 40 млн $-ға сатып алған екен. 1 мың шаршы метрлік үйде 10 жатын бөлме мен 16 ванна бар. Сондай-ақ, бұл үйді алған адам Эдди Мерфи, Сльвестр Сталлоне, Кимора Ли Симмонс және Мэджик Джонсон сынды атақты адамдармен көрші болады.

Елу жастағы бизнесмен Форбс журналының 50 бай кәсіпкері тізіміне кірген. 2016 жылы оның дәулеті 61 000 000 $-ға бағаланған. Сондай-ақ, Эдуард Огай Қазақстандағы корейлер Ассоциациясы басқармасының мүшесі, Құрмет орденінің иегері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары