$ 498.34  519.72  4.85

2100 жыл бұрын қолданылған «Айфон» табылды (ВИДЕО)

IPhone-ға ұқсас құрылғы деген археологтар, оның 17 метр тереңдіктегі жас әйелдің қабірінен табылғанын айтады.

Тыва Республикасында археологтар заманауи смартфонға ұқсайтын ерекше тік бұрышты құрылғы тапқан. Аталған археологиялық қазба 2016 жылы табылғанымен, ғалымдар бұл туралы енді ғана айтты, деп жазады massaget.kz, The Siberian Times-қа сілтеме жасап.

IPhone-ға ұқсас құрылғы деген археологтар, оның 17 метр тереңдіктегі жас әйелдің қабірінен табылғанын айтады. «Айфонның» ұзындығы – 18 см, ені – 9 см, яғни, бүгінгі смартфондардай.

Қазба орны «Саян» деп аталатын Ала-Тей қорымы, Саян-Шушенск су электр станциясының жоғарғы жағында орналасқан. Жалпы, қазба орнынан тағы 110 бейіт, сондай-ақ, тұрмыстық заттар, киім және қыш заттар табылған.

Қабірлердің жасы – шамамен 2100 жыл. Жерлеу рәсімдерін зерттеген ғалымдар бұлай жерлеу Хунну империясына тиесілі екендігін айтады. Хунну империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасыр мен біздің дәуіріміздің І ғасырының аяғына дейін өмір сүрген көшпелі халықтар мекені болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары