$ 494.87  520.65  4.91

Каталонияда халық шеруге шығып, полициямен қақтығысты

Кей адамдар полиция қоршауын бұзуға талпынып, тәртіпсіздіктер орын алды.

Каталонияда халық шеруге шығып, полициямен қақтығысты, деп жазады «Хабар24» телеарнасы.

  «Мақсат – тәуелсіздік» деген ұранмен өткен наразылық шарасына 600 мың адам қатысты. Жұрт Барселонаның орталық алаңы мен аймақ парламентінің алдына жиналып, дербестікті талап етті. Кей адамдар полиция қоршауын бұзуға талпынып, тәртіпсіздіктер орын алды. Жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. 

Айта кетейік, Каталонияда «Аймақтың ұлттық күні» 1714 жылы Барселонаны қоршаудан азат ету оқиғасына байланысты өткізіледі. Осы кезден бастап Каталония автономдығынан айырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Каталония