Грузияда бірінші сыныпқа барған барлық оқушыларына мемлекет сыйлық ретінде ноутбук береді. Ноутбуктың ішінде оқушы оқитын барлық пәндер мен миын дамытуға арналған ойындары бар, деп жазады Адырна.
Бұл балаларға білім беріп қана қоймай, оларды оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шамамен 10 жыл жұмыс істейді: былтыр ғана балаларға арналған ноутбуктерге 10 миллион доллардан астам қаражат жұмсалды. Ол қаражаттар жемқорлықпен ұсталғандардың дүние-мүлкінің есебінен бөлінген.
Қазақстанда бұған алыс. Өкінішке орай, біздің бірінші сынып оқушылары әлі де ауыр кітаптар салынған сөмке арқалап жүр.
Грузия – ресурстарға бай ел емес, бірақ, олар білімді бірінші орынға қойып, балаларға қамқорлық жасайды.