$ 494.87  520.65  4.91

Гүлнара Кәрімованың қызы Өзбекстандағы жемқорлыққа байланысты фактілерді жарияламақ

«Бұл мәліметтерден халықтың назарын басқа жаққа аудару мүмкін болмайды» деп жазды Иман Кәрімова.

Қыркүйек айының 16-ы күні Ташкент қаласында Гүлнара Кәрімованың жабық соты болды. Осыдан кейін оның қызы Иман Кәрімова ел президенті Шавкат Мирзиеев пен үкімет мүшелеріне ескерту жасады, деп хабарлайды «The Qazaq Times»

Ол «Instagram» парақшасында анасының үстінен қозғалған кезекті істі «саяси қойылым» деп атап, жақын күндері Өзбекстандағы жемқорлыққа байланысты фактілерді жариялайтынын мәлімдеді. 

«Алдағы бірнеше күнде халықаралық соттар мен жемқорлықты тексеру ұйымдарына Өзбекстан билігі анамнан не үшін қорқатынын дәлелдейтін фактілердің бір бөлігін жібереміз. Бұл мәліметтерден халықтың назарын басқа жаққа аудару мүмкін болмайды» деп жазды Иман Кәрімова. 

Еске сала кетсек, тамыз айында Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың үстінен жаңа қылмыстық істің қозғалғандығы жөнінде ақпарат таратқан. Оған «аса ірі көлемде қаржы жымқыру» және «Өзбекстан мүддесіне қарсы келісімдер жасау» баптары бойынша айып тағылған.

Ал кеше Өзбекстан экс-ханшайымының адвокаты Грегуар Манжа өзінің «Twitter» парақшасында оны құзырлы орган өкілдері Яшнабад аудандық сотынан белгісіз бағытқа алып кеткенін жазған еді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары