$ 494.87  520.65  4.91

Қытайда мешіттер талқандалып, араб жазуына тыйым салынуда

Хэнан, Ганьсу және Ішкі Моңғолия провинцияларындағы мешіттер мен мұнаралар талқандалған. Сонымен қатар, ел билігі Линься қаласының маңындағы мұналарар мен күмбездерді жарып жіберіпті.

Қытайдың бірнеше провинциясында мешіттер мен мұнаралар талқандала бастады. Сонымен қатар мемлекет бойынша араб жазуын пайдалануға тыйым салынған, деп хабарлайды Stan.kz, Independent басылымына сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық басылым мәліметінше, Хэнан, Ганьсу және Ішкі Моңғолия провинцияларындағы мешіттер мен мұнаралар талқандалған.

Сонымен қатар, ел билігі Линься қаласының маңындағы мұналарар мен күмбездерді жарып жіберіпті. Бұл қалада мемлекеттегі саны ең көп болып табылатын хуэй мұсылман жұртшылығының өкілдері тұратындықтан, ол «Қытайдағы кіші Мекке» деп аталады.

Сондай-ақ, Юньнаньдағы бірнеше мешіт жабылған. Мемлекет бойынша араб жазуын пайдалануға тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қытай #мешіт