26.09.2019, 17:05

Полиция қызметкері көше кезбесіне қамқорлық жасап, ел назарын өзіне аударды

Сақал қырғыш пен қырынуға арналған сабынды сыйлыққа алған.

АҚШ-тың Мичиган штатында полиция қызметкерінің көшеде қаңғыбастың сақал-мұртын алып беріп жатқан сәтіндегі біренеше суреді желіде таралып жатыр.

 Нельсон есімді үйсіз-күйсіз қаңғыбас дүкеннен сақал қырғыш пен қырынуға арналған сабынды сыйлыққа алған. Көшеде отырып, қырынуға әрекеттенген оның қолында айнасы болмағандықтан қиналып қалады. Оны полиция қызметкері Джереми Томас байқап қалып, дереу көмекке келіпті.

Әдетте, АҚШ-та заң қызметкерлері қаңғыбастарға түсіністікпен қарап, көмектесуге тырысады. Мұны тұрғындар қамқорлық пен мейірімділік деп түсінеді.

 Тәртіп сақшысының бұл қылығы көпшілікті сүйсіндірді.

Дереккөз: 120.su