$ 494.87  520.65  4.91

Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Жак Ширак – Францияның 22-президенті.

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак 87 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Жак Ширактың отбасына сілтеме жасаған AFP агенттігі хабарлады.

Жак Ширак – Францияның 22-президенті. Ол билікте болған кезде президент өкілеттігінің мерзімі 7 жылдан 5 жылға қысқартылған. Президент болғанға дейін Ширак 18 жыл Париж мэриясын басқарған. Валери Жискар д'Эстен және Франсуа Миттеран президенттігі тұсында үкіметке жетекшілік еткен.

60-жылдардың басында саясатқа араласа бастаған Ширак Шарль де Голль және Джордж Помпидудың сайлауалды кампаниясына қатысқан. 1974 жылы Помпиду қайтыс болғаннан кейін "Республиканы қолдау одағы" партиясының жетекші болды.

Бұдан кейінгі жылдары премьер-министр қызметін атқарды. Кейіннен отставкаға кетіп, оппозиция қатарына қосылды. Бірақ 1977 жылы Париж мэрі болып билікке қайта оралды. 1995 жылғы президент сайлауында жеңіске жетті.

2007 жылы мамыр айында президенттік өкілетін тапсырғаннан кейін Франция конституциялық кеңесінің өмір бойғы мүшесі болды. "Париж мэрі болғанда, 1990-1995 жылдары қызмет бабын асыра пайдаланды, мемлекет мүлкін талан-таражға салды" деген айыппен 2011 жылы желтоқсанда 2 жылға шартты жазамен сотталды.

Ширак жас кезінде орыс тілін меңгерген, француз тіліне "Евгений Онегинді" аударған. Жас кезінде Алжир соғысына қатысып, тәуелсіз Алжирге барған алғашқы француз президенті болды.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Франция