Боливияда Амазон өзені аймағындағы орман өрті әлі жалғасуда. Соңғы екі айдың ішінде лаулаған жалын 2 миллион 100 мың гектардай жерді күлге айналдырды, деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы.
Сөйтіп, жыл басынан елде өртенген орман алқабының көлемі 4 миллион гектардан асты. Билік қазіргі орман өрті соңғы 20 жылдағы ең ірі өрт екенін айтады. Қазір оны сөндірумен 5 мыңнан астам маман айналысуда. Алайда күннің ыстық әрі желді болуы отты өшіруге көп кедергі келтіруде. Арнайы техниканың жоқтығы қолбайлау болып отыр екен.